Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы » Частная гимназия «Торжан»
Товарищество с ограниченной ответственности
«Частная гимназия «Торжан»
город Шымкент, Тамерланское шоссе, 20/5
Приемная :
+7(7252) 45-42-57, +7(7252) 45-42-78
БИН/ЖСН:
БИН 980540001098
Версия для
слабовидящих
» » Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
08
сентябрь
2022

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  
1.     Білім туралы Заң
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
      1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
     1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
     2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
     3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
     4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
     5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:                  
     1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
     2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
     3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
     4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
     5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
     6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
     7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –  жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 409 бап
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – 
     ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.




Закон Об образовании
Статья 49. Права и обязанности родителей и иных законных представителей
     1. Родители и иные законные представители несовершеннолетних детей имеют право: 
     1) выбирать организации образования с учетом желания, индивидуальных склонностей и особенностей ребенка; 
     2) участвовать в работе органов управления организациями образования через родительские комитеты; 
     3) получать информацию от организаций образования относительно успеваемости, поведения и условий учебы своих детей; 
     4) получать консультативную помощь по проблемам обучения и воспитания своих детей в психолого-медико-педагогических консультациях; 
     5) на получение их детьми дополнительных услуг на договорной основе.
     2. Родители и иные законные представители обязаны: 
     1) создавать детям здоровые и безопасные условия для жизни и учебы, обеспечивать развитие их интеллектуальных и физических сил, нравственное становление; 
     2) обеспечить предшкольную подготовку с дальнейшим определением детей в общеобразовательную школу;
     3) выполнять правила, определенные уставом организации образования;
     4) обеспечивать посещение детьми занятий в учебном заведении;
     5) уважать честь и достоинство работников организаций образования; 
     6) выполнять требования, предъявляемые к обязательной школьной форме, установленные уполномоченным органом в области образования;
     7) соблюдать форму одежды, установленную в организации образования.

Об административных правонарушениях

Статья 127. Невыполнение родителями или другими законными представителями обязанностей по воспитанию детей

     1. Невыполнение родителями или другими законными представителями обязанностей по воспитанию и обучению несовершеннолетних детей –
     влечет штраф в размере семи месячных расчетных показателей.
     2. Действие, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –
     влечет штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей либо административный арест до пятнадцати суток.

409 ст
2. Невыполнение или ненадлежащее выполнение обязанностей, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области образования, родителями или иными законными представителями –  
 
влечет предупреждение или штраф в размере пяти месячных расчетных показателей.  

 
 





409 бап 
1. Педагог жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
     ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
     ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
     елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     3-1. Білім беру ұйымдары қызметкерiнің (субъектілерінің) білім беру ұйымдарында заңсыз әрекеттердің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы фактілерді, сондай-ақ білім беру ұйымынан тыс жерде өздерінің білім алушыларының немесе соларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасалғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді құқық қорғау органдарынан жасыруы, сол сияқты хабарламауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
     1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
     2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
     3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
     4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау;
     5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық –
     лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі –      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар –
     лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
     рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
     қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау –
     заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту –
     лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау –
     заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
     бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Ст. 409 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

409 бап 2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –  он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив